Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте 4 жеке балабақша иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 тұлға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 тұлға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мысалы Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 миллион теңгеден аса қаржыға ие болған.

Бұл қылмыс үшін соттың 23 ақпандағы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!