Шымкентте 43 әйел «жезөкше» есебіне алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тәртіп сақшылары қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын-сауық орталықтарына, сауналар мен фермаларға тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде, екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ Әкімшілік кодекстің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша 48 тұрғын жауапқа тартылса, 43 әйел «жезөкше» есебіне қойылған.

Бүгін профилактикалық шараның соңғы күні. Десек те, тәртіп сақшылары аталған қылмыспен күрес жұмыстарын одан әрі жандандыра бермек. Адам саудасы қылмысының куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласыңыздар, – делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!