Сурет Оtyrar.kz-тен
Шымкентте 40 жастағы әйел бүлдіршінді 3-қабатта орналасқан пәтер терезесінен лақтырып жіберген. Деректерге сай қазір баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кешкі сағат тоғыздар шамасында Иляев көшесіндегі бір үйде болған. Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге сәбиді терезеден лақтырған әйел оның туысы екенін айтып берген. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады екен.
Оқиғадан кейін әйелдің психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
Жантүршігерлік әрекетке не себеп болғаны және ата-анасының неліктен баласын психикалық аурумен ауыратын туысқанына қалдырғаны әлі белгісіз. Қазір полицейлер мән-жайды анықтауда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!