Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сайрам елді мекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.
Қалалық ауруханадан «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмады, құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.
30 тамыз күні Сайрам тұрғын алабы №3 қалалық емханаға қолы ерт тартқышқа қысылып қалған 3 жасар бала түскен. Соны шығару үшін құтқарушылардың көмегіне жүгініп, дәрігерлер 112-ге хабарласқан. Оқиға орнына құтқарушылар барып, ет тартқышты екі жерінен кесіп, баланың қолын шығарды, – деді №4 құтқару бөлімшесінің бастығы Қанат Құрманбаев.
Осылайша құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.
Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.
ТЖД ата-аналарға балаларға бас-көз болуды сұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!