Шымкентте белгісіз ер адам дүкеннің шатырын сындырып кіріп, ақша мен бағалы заттарды ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамды бақылау камералары арқылы жеке басын анықтау мүмкін болған. Полицейлер оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады.
Бұл жолы ол «Қайнар бұлақ» саяжай аумағындағы үш дүкенді тонап үлгерген. Екі дүкеннен 130 мың теңге алып кеткен. Тергеу барысында бұл азаматтың аулалардың бірінде велосипедті де ұрлап кеткені, жергілікті зейнеткердің телефоны мен үй киімін де алып кеткені белгілі болды. Ал үшінші дүкеннен ол қолма-қол ақшамен бірге смартфон, алкогольдік ішімдік пен темекі алып кеткен.
“Соңғы іс бойынша жалпы шығын 1 миллион теңгеден асты. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды”, – деді Шымкент аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Бибарыс Бағов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!