Дәрігерлер Шымкентте жүгіруден кейін көз жұмған әскеридің өліміне қатысты мән-жайды айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

34 жастағы әскери қызметкер 16 маусымда, жаттығудан кейін 1 күннен соң көз жұмған. 

«Физикалық жаттығудан кейін әскериде клиникалық өлм тіркеліп, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.Ауруханаға жеткізілген соң ол жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда келесі күні есін жимай көз жұмды. Әскери үшінші деңгейдегі комада болған. Ішкі ағзалары жұмыс істемеуі салдарынан көз жұмды», – деді Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров. 

Қазір 6506 әскери бөлімінде тексеріс жүріп жатыр. Бөлімнің тәрбие ісі бойынша командир орынбасары Ернар Әшірбеков марқұмның денсаулығына байланысты шағымы болмағанын мәлімдеді. 

Еске салайық, Шымкенттегі әскери бөлімде әскери қызметкердің көз жұмғаны туралы 19 маусымда белгілі болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!