Фото: stan.kz

Шымкентте әйел үйден ұлының қанға бөккен денесін тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кей БАҚ мәліметінше, әкесі ұлын бауыздап тастаған. Оқиға  1 желтоқсан күні таңертең орын алған.

«Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы бауыздалған 28 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануда», – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.

Күдікті психиатрлық есепте тұр.

ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!