Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деп күдікке ілінген азамат 9 жылға сотталды. Бірақ «адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіру» бабы бойынша істі болған 39 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал 32 жастағы марқұмның анасы жазаның тым жеңіл болғанын айтады. Еске салайық, қайғылы оқиға 2022 жылдың 26 маусымында болған еді. Күдікті екі айдан кейін ұсталған.

Ер адамның бірінші некесінен 4 баласы, ал марқұмның артында 1 қызы қалды. Күйеуінің қолынан қаза тапты деген әйел мектепте мұғалім болған. Қылмыскердің туыстарының сөзіне сенсек олар қайғылы оқиға болатын күні мұсылманша некелерін қиған екен. Ал сот барысында олардың ішімдік ішкені анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары күдікті деп қамауға алынған ер адамның ағасы кешірім үшін екі бөлмелі пәтер ұсынып, қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеген. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!