Шымкентте жаңа туған нәрестесін көпқабатты үйлердің бірінің жанына тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Сәбидің денесін өтіп бара жатқандар тауып алған. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілгенімен, еш нәтиже шықпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан алынған кадр

Қоғам белсенділерінің айтуынша, мұндай жағдайлар жылдан-жылға қайталанып тұрады. Елімізде бэби-бокс тәжірибесін енгізіп, жасөспірімдерге кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, дейді олар.

Көпқабатты үйдің тұрғындары нәрестені үйдің жанындағы суық профностилдің үстінен тапқан. Олар дереу полиция шақырған. Жаңа туған нәрестенің өліміне не себеп болғанын қазір сот-медициналық сарапшылар анықтап жатыр. Ал тәртіп сақшылары оның анасын іздеуде.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, елге бэби-бокс керек екенін түсіндіреді. Өйткені, сөздерінше жаңа туған нәрестелер көшеде немесе қоқыс жәшіктерінен табылған сияқты оқиғалар жылдан-жылға қайталана бермек. Бэби-бокс бірден бірнеше мәселені шешеді: олар әйелді қылмыстық жауапкершіліктен ал баланы өлімнен құтқарады. Сонымен қатар, ақпараттық жұмыстарды жүргізу де аса маңызды.

“Көптеген адамдар, мысалы, дағдарыс орталығына, балалар үйіне немесе аналар үйіне баруға болатынын білмейді. Көбінесе олар бұл ақпаратты білмейді және біз оларға баланың өмірін сақтап қалуға болатынын жіті түсіндіруіміз қажет”, – деп дабыл қағады әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Тоғжан Қожанова.

Қыршын кеткен сәбидің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Рудныйда қоқыс жәшігінен баланың денесі табылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!