Фото:Zakon.kz.

Шымкентте референдум күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәріне белгілі болғандай, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні еліміздің үшінші мегаполисіндегі барлық бағыттағы қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Аталмыш ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Мұндай шешім қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне жетуіне мүмкіндік береді»,- делінген таратылған мәліметте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!