Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінде жүрген көліктердің видеосы жарияланды. Видео қалалық полиция департаментінің назарына іліккен.
Полиция департаментіндегілер жол ережесін бұзған жүргізушілердің жазаға тартылғанын мәлімдеді.
«Жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері Hundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу көліктерінің жүргізушілерін анықтап, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 590 (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 593-баптары (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапқа тартты», – деп хабарлады ведомстводағылар.
25 мамырда Шымкент полицейлері жол ережесін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні жауапқа тартқан. Соның ішінде 10 көлік айып тұрағына қойылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!