Фото: elements.envato.com
Шымкент полицейлері 21 желтоқсанда өлі табылған жаңа туған нәрестенің анасын іздеп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция басқармасына жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерді табу үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!