Қызылорда – тек тарихи шежіресімен ғана емес, бүгінде қарқынды дамуымен ерекшеленетін аймақ. 2025 жылдың алғашқы жартысында атқарылған нақты істер мен қол жеткізілген жетістіктер – мұның айқын дәлелі. Бұл туралы қала әкімі Нұржан Ахатов өңірдегі БАҚ өкілдерімен өткізген кездесуінде баяндады.

 – Сыр елі – өзінің шежірелі тарихымен ғана емес, соңғы жылдары серпінді дамуы- мен де ерекшеленіп келеді. Бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсімдер қалыптасып, мемлекеттік бағдар-ла малар мен инвестициялық жобалар сәтті іске асырылуда.

Шырайы артқан шаһар

 Жыл басында өткен Үкіметтің кеңей-тілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қызылорда өңірінде жүзеге асқан маңызды жобаларға ерекше тоқталып, макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін атап өтті.

Бұл жетістіктер – ел Президентінің нақты тапсырмаларының, Үкіметтің жүйелі қолдауының, облыс басшысының ұтымды үйлестіруінің, ең бастысы, жерлестеріміздің ауыз біршілігі мен ортақ жауапкершілігінің айқын көрінісі, – дейді қала әкімі.

2025 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджеті 790,4 миллиард теңгеге жетіп, небәрі екі жылда 2,5 есе артқан. Қалалық бюджет те екі есе өсіп, 144,7 миллиард теңгеге жетті. Бюджет түсімдерінің 21,1 миллиард теңгесі – жергілікті кірістер. Бұл – кәсіпкерлік нысандарды қайта бағалау, салық базасын кеңейту секілді қадамдардың жемісі.

Жарты жылда облысқа 295,1 миллиард теңге инвестиция тартылса, соның жартысы Қызылорда қаласына тиесілі. Қалада құрылыс көлемі 59,3 миллиард теңгеге жетіп, тұрғын үй 200 мың шаршы метрден асты. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда салалары тұрақты өсім көрсетуде.

35 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект тіркеліп, 65 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 5,8 миллиард теңгеге 124 жоба субсидияланған. Алдағы бесжылдықта 467,1 миллиард теңгенің 28 инвестициялық жобасы жүзеге асып, 4500 жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда.

Шырайы артқан шаһар

Жаңа «Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймағы құрылып, 156 миллиард теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда. Қатысушы компаниялар салықтық және кедендік жеңілдіктерге ие болады. Бұл аймақ өңірдегі өндірісті өрістетіп, логистика мен IT салаларын дамытуға жол ашады.

 2025 жылы жолкөлік жүйесіне 23,2 миллиард теңге бөлініп, 61,9 шақырым жол жөнделеді. 24,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 42 көше жарықтандырылуда. Апатты үйлер мәселесі кезеңкезеңімен шешіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету ауқымы кеңейіп келеді.

900 және 300 орындық екі мектеп пайдалануға беріліп, үшеуі дайын. Музыкалық колледж, шығармашылық академия, спорт кешендері, «ҚызылордаАрена» секілді ауқымды жобалар да іске асып жатыр. Денсаулық сақтау саласында 100 пәтерлік тұрғын үй, жаңа емхана мен көпбейінді аурухана салынуда.

Қала келбеті тек сәулетпен емес, жасыл желекпен де көрікті. Қызылордада көгалдандыру жұмыстары жүйелі сипат алып, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуға бағытталған ірі жобалар жүзеге асуда.

 – Әріптестік аясында қала аумағын көгалдандыру және абаттандырумен «KazStroy Capital Kyzylorda» айналысуда. 5 жылдық келісім аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы құны – 18,6 миллиард теңге, оның ішінде 2025 жылы – 1,98 миллиард теңге бөлінді. Жобаға 250 қызметкер мен 50 бірлік заманауи техника жұмыл дырылып, ауа райының қолай сыздығына қарамастан күндізгі және түнгі ауысымда үздіксіз жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жылы қала аумағында 46 мыңнан астам ағаш көшеті, 800 мың біржылдық гүл, сондайақ 13,5 мың көпжылдық гүл отырғызылды. 10 мың шаршы метрге жуық көгал төселді.

Көгалдандыруды заманауи деңгейге жеткізу үшін «Hunter» технологиясымен автоматты суару жүйесі орнатылды. Қала бойынша 45 шақырымнан астам құбыр тартылып, 5000нан астам спринклер мен ротор, 25 ұңғыма мен насос станциялары іске қосылды. Бұдан бөлек, қала аумағында 992 гектар жасыл белдеу қалыптастыру басталды. 2030 жылға дейін 2,5 миллион ағаш отырғызу, тұқымбақтар мен зертхана салу көзделуде.

Бұл бастамалар Қызылорданың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі салауатты өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған, – дейді Нұржан Сәбитұлы.

2025 жылы Қызылорданың Астана болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Осы тарихи мерейтойға орай дөңгелек үстел, оқушылар айтысы, жылжымалы көрмелер, спорттық сайыстар мен брейнринг секілді мәденикөпшілік шаралар ұйымдастырылады. Одан бөлек, «Қызылорда – Алаштың жүрегінде» атты тарихитанымдық кітап дайындалуда.

Сондай ақ Ұлттық Құрылтайдың V отырысы Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлының ұсынысымен Сыр елінде өткізу жоспарлануда. Бұл да қаланың қаншалықты деңгейде өсіп өркендегенінің айқын көрінісі.

Сыр өңірі бүгінде тек өткеннің шежіресін ардақтап қоймай, болашағына берік бағдар түзеп, нақты істерге көшкен өңірге айналды. Алда әлі де талай жоспар, ауқымды жобалар тұр. Бірақ елдің бірлігі мен басшылықтың батыл шешімдері арқылы бұл міндеттер де табысты жүзеге асарына сенім мол.

 Нұршат НЫШАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!