Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «2021 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы бұйрығына сәйкес биыл 1-30 желтоқсан аралығында бөлшек саудада жаңа жылдық шыршалар сатылуына (құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалардан басқа)  бақылау жасалады.

Бұйрықта мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін жаңа жылдық шыршаларды босату Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсаты мен облыс әкімдігінің тапсырысы арқылы ғана жүргізілетіні айтылған. Сондай-ақ, тұрғындар үшін тек қана құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалар сатылады.

Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының (шырша) түрлері өспегенмен облыс аумағында оларды заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, сақтау деректерінің орын алуы әбден мүмкін.

Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау әрекетін жасаған тұлғаларға ҚР қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабына сәйкес жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркіленіп, айыппұл түріндегі жаза қолданылады.

Р. БУРАБАЕВ,

Облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы РММ-нің

Орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!