Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.
«Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағына атлантикалық циклонның жақындауына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл көтеріліп, оның соңы жауын-шашынға ұласады.
Бірқатар өңірде жаңбыр жауса, батыс облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!