Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр.
Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі G20 саммитінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтатуға шақырды.

 «Мен қазір Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға болатын уақыт келді деп ойлаймын», – деді Зеленский.

Ол өзінің үндеуінде «барлығы үшін» формуласы бойынша Ресеймен тұтқындармен алмасуды ұсынды.

Бұған дейін БАҚ G20 елдерінің көпшілігінің өкілі соңғы күндері жиналып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптаған еді.

Айта кетейік, Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!