Солтүстік Қазақстанда найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасында Солтүстік Қазақстан облысының даласынан ер адамның мәйіті табылғаны жазылды.

Бұл туралы хабарлама 25 мамыр түнде облыстың Аққайың ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне келіп түскен.

«Аққайың ауданына қарасты Дайындық және Ленинское ауылдарының арасынан ер адам мен оның жылқысының мәйіті табылды. 31 жастағы ер адам жайылымда мал бағып, бақташы болып жұмыс істеген. Оған найзағай түскені анықталды. Ер адам мен оның аты сол жерде қайтыс болған», – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!