Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының дерегіне сүйенсек, жасөспірім­дер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12-орында тұр. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы 250-ге жуық жеткіншек өз өзіне қол салмақ болған. 164 баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болса, 84-і қыршыннан қиылған…
Бүгінде өлімге асыққан жасөспірім буындары азаяр емес. Бұл дерттің астында себеп көп. Қазіргі таңда көптеген жасөспірімдер стресске түсіп жатыр, сөз көтере алмауы, керек емес дереккөздері көтере алмауы,жүректеріндегі тынышсыздығы соның барлығы құрдымға итермелейді. Яғни бұл психиканың дұрыс болмауы. Көбінде суицидке итермелейтін ата-анамен баланың дұрыс қарым-қатынаста болмауы. Жастық шағының енді басталып келе жатқан кезінде неге өлімге асығады?

Бұл жағдай жыл сайын талқыланып, жастар арасындағы суицидді алдын алу үшінде іс-шаралар жасалынады, бірақ суицид саны азаяр емес. Дін өкілдер бұл жағдайды “Алладан алыстағандар” дейді. Себебі, адам азғырушы шайтанның ойындағысын жасатады. Ал психологтар жақындарынан жылулық сезбегеннің салдары деп жатады. Бұл жағдай ата-аналарды алаңдататыны анық. Демек, бірінші кезекте ата-аналар балаларының жан дүниесін түсінуге тырысу керек.

Арайлым Қуанышбекқызы,

журналистика факультетінің

2 курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!