Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында «Qyzylorda Qyzmet Cup» кубогына өткізілген облыстық футбол чемпионатында Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің командасы І орын иеленіп, чемпион атанған болатын.
Осыған орай, біздің команда республикалық кезеңге табан тіреп, Астана қаласында ұйымдастырылатын «Qyzmet Cup Қазақстан» чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Сот Әкімшілігі департаментінің командасы 29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.
Осы ретте, Қызылорда облысының намысын қорғайтын команданың республикалық турнирге қатысуына қолдау көрсеткені үшін Қызылорда облыстық шағын футбол федерациясының президенті Ә.Шығамбаевқа, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы С.Сүлейменге, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібековке, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевке алғысымызды білдіреміз.
Тартысқа толы додаға аттанғалы отырған әріптестерімізге сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!