Сот процесі қаралып жатқан істің санатына байланысты ашық немесе жабық өтуі мүмкін. Судья процесті бастар алдында қай іс қаралатынын және қай режимде ашық немесе жабық режимде қаралатынын хабарлайды. Процесс ашық болса, сот отырысы залына тілек білдіргендердің бәріде кіруге құқылы. Процесс жабық болса, сот уәжді ұйғарым шығарып, себебін жариялап және іске қатыспайтын адамдардың залдан шығып кетуін талап етеді. Ал, сот отырысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 46-бабында көрсетілгендей, іске қатысатын адамдардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жазып алуға, көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға, оларды, іске қатысатын басқа да тұлғаларға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар оның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы, өтінішхаттар беруге, сотқа ауызша және жазбаша нысанда түсініктемелер беруге, , сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлдерін келтіруге, іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаттары мен дәлелдеріне қарсы болуға, сот жарыссөздеріне қатысуға, сот отырысынң хаттамасымен танысуға, және оған жазбаша ескертпелер беруге, соттың шешімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына шағым жасауға, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында берілген басқада процестік құқықтарды адал пайдалануға тиіс және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуге тиіс екендігі көрсетілген.
Іске қатысатын адамдар істің нақтылы, істің нақты мән жайлары туралы сотқа толық әрі шынай түрде мәлімдеуге, сөз сөйлеуге немесе сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша құжаттар ұсынуға міндетті.
Тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен және куәлардан сұрата алмайтындығын ескере өткен жөн.
Қызылорда қаласының
мамандандырылған тергеу сотының
аға сот приставы Б.Изенов
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!