Сот-сарапшылық тауартану зерттеуі көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, халықтардың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ көлік қылмыстары кезінде жүргізіледі.

Сот тауартану сараптамасын жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.

Сот тауартану сараптамасын тағайындау кезінде зерттеудің тікелей объектілерімен бірге сарапшының қарамағына: іс материалдары, соның ішінде зерттеу объектілерін алу хаттамасы; зерттеу объектілерінің ассортименттік, сапалық және сандық, соңдай-ақ өзге де көрсеткіштерін белгілейтін құжаттар; техникалық мамандар, технологтар, маркетологтардың қорытындылары; үлгі-эталондар; салыстырмалы үлгілер; бухгалтерлік құжаттамалар; құқық орнататын құжаттама (иелік қағаз, шарт, контракт); техникалық құжаттамалар ұсынылу керек.          

Сот-тауартану сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздері материалдық активтердің, соның ішінде олардың тұтыну және өзге де құнына әсер ететін сипаттамаларының қалыптасу заңдылықтар тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.

Сот-тауартану сараптамасының міндеттері мен объектілерінің түрлілігін ескергенде, ол былайша жіктеледі:

 – азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық зерттеу;

 – азык-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу;

 – сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі;

 – сот-сарапшылық құрылыс-тауартану зертгеуі.

Осылардың ішінде: Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық зерттеу бойынша:

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі (код 10.1) Сараптаманың мәні – азық-түлік емес тауарлардың тұтынушылық және өзге де құнына әсер ететін олардың негіз болатын сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы нақты деректер болып табылады.

Осы сараптама шеңберінде келесі тауарлар зерттеледі:

-киім, аяқкиім тауарлары мен тоқыма материалдары: киімге арналған материалдар мен жекелеген тоқыма бұйымдары, киімдер, бас киімдер, аяқ киім, галантереялық тауарлар;

-гигиеналық тауарлар: парфюмериялық, косметикалық тауарлар, санитария және жеке гигиенаға арналған аспаптар мен керек-жарақтар;

– әшекейлік тауарлары: зергерлік тауарлары, көркемөнер-сәндік тауарлары;

Мәдени-тұрмыстық тауарлар: электрондық тауарлар (аудио-бейнетехникалар, кеңсе техникасы және дербес компьютерлер, байланыс құрылғылары, фото-және бейнетүсірілімге арналған техника), белсенді демалыс және спортқа арналған тауарлар, ой өнері мен зияткерлік дамытуға арналған тауарлар;

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары: велокөлік пен оған қосалқы бөлшектер;  шаруашылық тауарлары: жиһаз бен интерьерді безендіру бұйымдары, ыдыстар мен ас үй керек-жарақтары, тұрмыстық техника (микроклиматты ұстап тұруға, тамақ дайындауға және сақтауға, үй ішін жинауға, кірді жууға арналған), тұрмыстық химия тауарлары, шаруашылық аспаптары мен саймандары, ауылшаруашылық тауарлары; биотауарлар; медициналық тауарлар (дәрі-дәрмектерден және тағамдық қоспалардан бөлек.

Сараптаманы жүргізу кезінде шешілетін міндеттерге:

-зерттеуге ұсынылған тауарларды диагностикалау: техникалық параметрлерін, ақаулардың бар-жоғын, тозудың деңгейін анықтау;

-зерттеуге ұсынылған тауарларды жіктеу: белгілі және жалпы қабылданған жіктемелер бойынша сыныпқа, топқа және түрге жатқызу;

-зерттеуге ұсынылған тауарларды сәйкестендестіру: үлгіге сәйкес келу тұрғысынан салыстырмалық зерттеу, тауартану шеңберіндегі бөлшектердің тұтасқа тиесілігі тұрғысынан салыстырмалық зерттеу, тауардың сипаттамаларының тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;

-тауардық құндық сипатын анықтау кезіндегі шығындық, салыстырмалық және табыстық ыңғайларды пайдалану арқылы ахуалдық талдауды жүргізу жатады.

Ж. Камаладинқызы,
Қызылорда облысы бойынша
сот сараптамалары институтының
бас сарапшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!