Тіл – қай халық болса да тілін жоғалтпау үшін, тілінің тұғырын биіктетіп, мәртебесін көтеру үшін барын салады. Ол қатарда біздің еліміз де бар.

Қазіргі уақытта, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі ретінде басымдық — мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Мемлекеттік тілде талап қоюды дайындау кезінде туындайтын сұрақтарды шешу тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік тілде берілетін талап қоюдың үлес санын көбейту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан, мемлекеттік тіліміздің кең қолданысын қамтамасыз ететін уақыт келді.

Біздің негізгі құжатымыз – Конституцияның 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екені тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Біздегі барлық заңнамалардың бастауы Конституция болғандықтан, осы құжаттағы қағидалардың кез келген салада мінсіз сақталуы міндет.

Сот саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесін арттыруға қатысты түрлі іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Шиелі аудандық сотынның ұжымы да мұндай ел үшін, елдің келешегі үшін маңызы зор шаралардан шет қалған емес. Сот ғимаратындағы барлық ескертпелер, арыз-шағым үлгілері мемлекеттік тілде жазылған. Азаматтардың қазақ тілінде өз сауалын қойып, тыңғылықты жауап алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ең бастысы, біздің соттағы судьялар мен сот қызметкерлерінің барлығы да мемлекеттік тілді жетік меңгерген.
Сонымен қатар, сот істеріндегі мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға қатысты шаралар да назардан тыс қалмайды. Себебі, сот істерінің қай тілде қаралатыны сот қызметкерлерінің немесе судьялардың қалауы емес. Оның тәртібі Азаматтық процестік кодексінде, Қылмыстық-процестік кодексінде нақты көрсетілген. Соған сәйкес, талап арыздар мен іс материалдары сотқа қай тілде түссе, іс сол тілде қаралады. Яғни, сот істері мемлекеттік тілде қаралуы үшін азаматтар өз талап-арызын мемлекеттік тілде жазып, мемлекеттік органдар да хаттамалары мен материалдарын қазақ тілінде жолдауы керек.

Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілді қолдануды жетілдірудің алғышарттарына талап қоюды мемлекеттік тілде беру, мекемелер арасында хат алмасуды толығымен мемлекеттік тілде жүргізу жатады.

Осыған сәйкес, мемлекеттік тілде талап қоюды дайындау кезінде туындайтын сұрақтарды талқылау және  оларды шешу арқылы мемлекеттік тілдің сот өндірісіндегі қолданылу үлесін арттыруға мүмкіндік аламыз.

Н.Қ.Елшібеков
Шиелі аудандық сотының сот әкімшісі басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!