Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу мекемесінде 13 сотталған азамат некеге тұрған. Бүгінде тағы бір отбасыға толықтырылуда. ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы «адам ұрлау» фактісі бойынша жазасын өтеп жатқан азамат отбасын құрды. Мекеме заңгерінің ықпалымен некелескен азаматтар бүгінде бақытты отбасы. Некеге тұру арқылы сотталған азаматтарға жұбайлары заңды өкіл ретінде бетпе-бет жүздесіп, көрісе алады. Тамыз айының жетінші жұлдызында некелескен жас жұбайлар өздерін өте бақытты екендерін айтты.
– Жеті саны киелі сан, бұл киелі санда некелесіп, заңды жас-жұбайлар болғанымызға қуаныштымыз. Бұл ретте біздің некелесуімізге септігін тигізген мекеме заңгері Б.Абдразақовқа және АХАТ бөлімінің қызметкері Айым ханымға алғысымыз шексіз деді,- сотталаған азаматтың жұбайы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!