Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар арасында отбасы тарихының барысын, отбасының даму сатыларын, ұрпақтан-ұрпаққа өтетін өзара қарым-қатынас үлгілерін және дағдарыстың алдындағы оқиғаларды талдау бойынша тренинг өтті.
Тренингте сотталған азаматтар өзара отбасылық шағын сценарий құрып, отбасында болатын қаражаттың жетіспеушілігі, отбасы арасында дау-дамай, кикілжіңдерді шеше білу деген секілді жанұя арасындағы түсініспеушіліктерді ынтымақтастықта шеше білу жолдарын қарастырып, құрған сценарийді өзара алып шықты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!