Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға ҚМДБ-ға қарасты Қызылорда қалалық Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразалыұлы ислам діні бойынша дәріс өткізді.
Бұл шараға Төлен ата мешітінің имамы, №68 мекемесінің АКАӘПТЖБ бөлімінің бастығы мен теолог мамандары бірлесе қатысып, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға тәрбиелік мәні бар сондай-ақ, діни сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі хадистерді негізге ала отырып, Әбу-Ханифа мәзхабы, ата-бабамыздың мұсылмандар арасында намазға қатысты жиі талқыға түсіп жүрген мәселелерге орай Ханафи мазхабының дәлелдері мен ұстанымдарын негізге ала отырып түсіндірме жұмысын жүргізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!