Облыстық дін істері басқармасының «Облыстық қылмыстық атқару департаментіне қарасты түзету мекемелеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар жетегіне кеткен азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде «Бірлік – береке бастауы» тақырыбында шығармашылық (эссе) сайыс өткізілді. Аталған сайысқа 10 сотталған қатысып шығармашылық бақтарын сынады. Аталған сайыстың қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жазасын өтеушілер 5000, 4000 және 3000 теңгелік, ал қалған қатысушалыр 2000 теңгелік тарлан карталармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттау шарасына мекеме басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы қатысып, жазасын өтеушілерді «1 мамыр – Қазақстан халқынының бірлігі күні» мерекесімен құттықтады.
Алдағы уақытта да мұндай мерекелік ісшаралар мекеме әкімшілігінің назарынан тыс қалдырылмай ұйымдастырылып тұратындығын айта келе, осы ісшараның жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан үшін Облыстық дін істері басқармасы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорына мекеме әкімшілігі атынан алғыс білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!