Жазасын өтеушілерді мекеме қабырғасында еңбекке тарту белгілі бір кезеңде жүзеге асады. Жазасын өтеушілер еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды.
Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында он төрт кәсіпкер кәсібін ашып, мерзімін өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталған екі ауысыммен тәулігіне шамамен 700 – 800 дана нан пісіріп шығаруда. Шығарылған нан №60, №68, №37 мекемелеріне үлестіріліп беріледі.
– Жеке кәсіпкерлік цехында наубайшы болып еңбек етудемін. Бір ауысымда екі адам болып жұмыс жатырмыз. Жалақымыз тындырған ісімізге байланысты тұрақты түрде төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Бастапқыда бұл істің жай – жапсарын білмегеніммен, қазір өз ісімнің маманымын деп айта аламын,- деді жазасын өтеушілердің бірі.
Жұмыспен қамтып отқан кәсіпкер тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру жоспарда бар екенін айтып, қоластындағы қызметкерлерің еңбегіне ризашылығын білдірді.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!