Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің ұйымдастыруымен  Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өтті. ҚР Презитінің әкімшілігің басшысында Қылмыстық-атқару жүйесінің проблемалық мәселелеріне арналған кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасы негізінде жиын болды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша №60 мекеменің өндірістік аймағына шағын және орта бизнес иелерін тарту,

Отырысқа «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысы бойынша директорының орынбасары Р.С.Зейнуллин төрағалық етті. №60 мекеменің басшысының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділет майоры А.Ж.Ертай баяндама жасады. Дөңгелек үстелге мекемеде ісін дөңгелетіп отырған кәсіп иелері, басшылық құрам, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалынан өкілі, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері  және қызығушылық танытқан кәсіпкерлер қатысты.

Мекеменің өндірістік аймағының жалпы жер телімі 5,6 гектар болса, оның ішінде бос жер телімі – 974 шаршы метр, бос ғимарат – 250 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, шарада кәсіпкерлерге РМК «Енбек-Қызылорда» филиалымен тиімді келісім-шарт жасасудың артықшылықтары нақта айтылды. Атап айтқанда: жерді жалға алу ақысының жоқтығы, комуналдық қызметтерге тек қолданған жағдайда төлеуі, жұмыс жасайтын сотталғандарға төлететін еңбекақының өндіріс көлеміне қарай төленуі және Мемлекеттен субьсидия алуға қолдау көрсету.

«Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, кәсіпкерлерді тарту – өзара тиімді әріптестіктің жаңа бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелде кәсіпкерлер мен жауапты мамандар арасында талқылау жүріп, нәтижесінде тиісті органдарға ұсыныстар айтылды. Кәсіпкерлер қазіргі шешуі күрмеліп жатқан мәселелерді ортаға салып, салыстырулар мен тараптар жағынан пікірлер айтылды. Дайын өнімнің өтімін арттыру, салық төлемдеріне жеңілдіктер қарастыру, субьсидия алуды қолайлы ету жайында ұсыныстар айтылды. Және де ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің өндірістік аймағына дайын кәсіпорындар ашу және кәсіпкерлердің ішке кіруін жеңілдету бойынша идеялар айтылды. Түптеп келгенде басты мақсат жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамтып, еңбекке араластыру.

Талықылау барысында 2023 жылдан бастап сотталғандарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерде пікірін білдірді.

«Сотталғандарды жұмыспен қамту оларды тек жұмыс күшінде пайдалану ғана емес, қоғамға бейімдеу. Мұнда машықтанған адам көп, бостандыққа шыққан соң көбі өз кәсіптерін ашып, кәсіпкер атанып жатыр. Жазасын өтеп болған соңда жұмыспен қамтамасыз етуге ниеттімін. Әрине осылай менде өнім алып, оларда осындай нәтиже көрсетсе қуантарлық жағдай. Мекемеде қатаң тәртіп екені белгілі, алайда кәсіп жасау үшін сырттан шикізат кіргізу керек. Осы жағынан және дайын өнімдерді сыртқа шығару процестерін тездетуге мүмкіндік жасаса деймін»,- дейді «Сұлтан» ЖСШ директоры А.Алибеков.

Рәпіш ТӨЛЕП
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!