Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті.

         Спорт әрбір адамзат баласына тигізер пайдасы мол. Осы орайда тәрбие бөлімінің басшысы Ерлан Бегімұлы сотталғандарды алдымен сапқа тұрғызып, ҚР мемлекеттік әнұранын шырқатты. Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.

         Шараға қатысушылар үшін ойын үш бөліктен құралды. Ең алдымен «гір тасын » көтеруден бақ сынасты. Кейін үш топқа бөлініп арқан тартысып, екі адамнан бірлесіп қол күресті. Сонымен қатар, шахматтан бақталасты. Енді бірі өздерінің күшін сынау мақсатында турникке тартылып жеңістің туын қанжығасына байлады. Жеңіске жеткен үш сотталған азаматқа арнайы марапат грамотасы және кубок пен медальдар беріліп, шара соңы топқа бөлініп футбол ойынын ойнау мен аяқталды.

– Мекемемізде шаруашылық жұмысқа қалдырылған сотталған азаматтар арасында спорттық сайысты жиі ұйымдастырып тұрамыз. Олардың спортқа деген махаббаттарын жандандырып, және де денсаулыққа пайдасын тигізетін спорт түрлерін қарастырған болатынбыз. Нәтижесінде үш жазасы өтеуші азамат жеңіс иелері атанды. Мұндай шараларда өздерін көрсетіп, белсене атсалысып, мақтау қағазын алу олар үшін пайдасы мол. Себебі, сот барысында олардың тәртіптеріне, белсенділіктеріне қарай үкім шығып, мерзімінен бұрын босатылады немесе жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Ең бастысы еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деп сөзін аяқтады, – АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны Романқұлов Ерлан Бегімұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!