фото: ortalyq.kz
Бала өмірінің қауіпсіздігі қашанда өте маңызды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, солай қалыптасады. Ең алдымен ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Қазір күн сайын қалада автокөліктер саны артып, жол апаты көбеюде оқу орындарында жолда жүру ережесін түсіндіру жұмыстарын полиция мен білім беруші ұстаздар қаншалықты өткізсе де, келеңсіз жағдайлар тиылмауда. Мұндай оқиғаларды болдырмас үшін атаана да балаға үнемі жолда жүру ережелерін ескертіп отыруы міндетті. Дені сау, саналы ұрпақ – еліміздің болашағы.
Лязат АХМЕТОВА,
Қызылорда қаласы
Полиция басқармасы
Ювеналды полиция
бөлімшесі бастығының орынбасары
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!