Қазақстан Республикасында соңғы жылдары есірткінің заңсыз айналымы кең өріс алуда.

Есірткінің құрамында табиғаты әр түрлі, өсімдік текті немесе синтетикалық заттар тобы бар, оның тұтынудың соңынашақорлыққа алып келеді. Ал нашақорлықесірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы дерт.Нашақорлықтың алғашқы кезеңінде адам есірткінің белгілі түрін таңдайды және оларды кез келген уақытта пайдалану тәуелділігі пайда болады.Бұның салдары адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Ағзаның қорғануреакциясы жойылады.Біртебіртенашаға қатысты психологиялық мания пайдаболады.Халықтың есірткіге, нашақорлыққа салынуы қылмыстар мен аурулардың өсуіне, атап айтқанда, СПИД,вирусты гепатит және тағы да сол сияқты ауруларға әкеліп соқтыратыны баршаға мәлім.

Психотроптық заттар– адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және фармакологиялық қасиеттері мен химиялық құрамына байланысты адам ағзасын еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін заттар. Мұндай күйге түскен адам қылмыстардың небір сорақы түрлерін істеуге дейін барады.Ал прекурсорлар – есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіруге, дайындауға, өңдеуге пайдаланылатын заттар.

Есірткінің күн өткен сайын жастарға қолжетімді болуы, Қазақстан аумағына жаңа, оның ішінде өте күшті әсер ететін есірткілердің әкелінуі жағдайды алаңдатып отыр. Олардың бірі – психотроптық заттардың жаңа синтетикалық аналогтары синтетикалық каннабиноидтар. Синтетикалық каннабиноидтар дегеніміз – ол өсімдік каннабиноидтарының құрылымы бойынша тектігі бірдей және фармакалогиялық әсері ұқсас синтетикалық препараттары. Бұл препараттар адамды ынталандыру, депрессиялық және елестеушілік жағдайға түсіреді. Қазіргі таңда 160 жоғары синтетикалық заттардың түрлері белгілі және жаңа түрлерінің синтезы үнемі өсуде. Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яқи қылмыстылық профилактикасы бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алудың жолын қарастыру әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.

Профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру арқылы кәнігі нашақорлар санының кемуіне, есірткіге деген сұраныстың азаюына қол жеткізуге болады.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, бұл жалпыхалықтық сипат алуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі.

Гауһар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Қызылорда облысы сот сараптама институтының

жетекші сарапшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!