Қызылорда облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында жыл басынан бері сауда орындарынан барлығы 31 сынама сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бақылау мақсатында сараптама жүргізуге алынған өнімдердің 58,1% тағам өнімдерін және 41,9% тамақ емес өнімдерін құрады. Оның ішінде отандық өнімдер үлесі25,8% болса, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер үлесі 32,2% және өзге елдерде өндірілгендер көрсеткіші – 41,9%.
Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының зертханасында жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 8 үлгісі, яғни 25,8 пайызы техникалық регламенттердің таңбалануы бойынша талаптарына сай келмей шықты. Яғни өнім туралы ақпараттар көрсетілмеген. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасына күмән тудырады. Себебі таңбалану арқылы тұтынушы өндіруші туралы, өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі мен дайындалған уақыты, сақтау шарттары туралы қажетті ақпараттарды алады.
Таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталған өнімдердің барлығы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен өзге де шет елдерде өндірілген өнімдер.Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген мектеп формаларына қатысты сауда объектісіне өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы берілді. Егер белгіленген мерзімде бұл талап орындалмайтын болса, іс сотқа жолданатындығы ескертілді. Бұдан бөлек,таңбалануы бойынша сәйкессіздіктердің орын алғандығы бойынша келіп түскен арыздар негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, сауда нысандарының иелеріне жалпы соммасы 673790 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім сатып аларда міндетті түрде тауардың таңбалануына, сыртқы түрі мен құрабы мен қаптамасының бүтіндігіне, жарамдылық мерзімінің өтпегендігі мен сауда орындарындағы сақталу шарттарына мән беру қажеттігін еске салады.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!