Қызылорда облысы Білім басқармасы мен Қызылорда облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полицейлері бірлесіп, Қызылорда қаласы колледждерінің студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізілуде.

Студенттерге нашақорлық пен құмар ойындардың зияны туралы профилактикалық шаралар өткізілуде

Қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында, іс-шара барысында жастарды есірткі құралдары, психотроптық заттарды қолдану мен баулуға, құмар ойындарға тарту себептері мен салдары қаралды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ Интернет желісінде қауіпсіз «жүріс-тұрыс» тәсілдеріне назар аударылды. Орын алған құқық бұзушылықтардың салдары туралы мысалдар келтірілді.
Әңгімеге қатысушылар іс-шара соңында қойылған сұрақтарға жауап алып, өздерінің жағымды эмоцияларымен бөлісті.

Студенттерге нашақорлық пен құмар ойындардың зияны туралы профилактикалық шаралар өткізілуде

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!