«Jas Otan» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жүргізіп келеді.

Мониторинг жүргізудің мақсаты – көптеген жатақханалардың санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтап, оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар беру болып табылады.

Қызылорда қаласында 3 жоғарғы оқу орны, 17 арнаулы орта білім беру ұйымдары  және оларға қарасты 10 студенттік жатақханасы бар. 

Студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Бүгін облыстық «Jas Otan» ЖҚ жанынан құрылған мобильді топ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №5  жатақханасы, «Болашақ» университеті, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топтың құрамында  «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Талғатұлы, заңгер-кеңесші Сәбит Алшынбаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы және БАҚ өкілдері болды.Мониторинг жұмыстары барысында әлеуметтік нысандардың сапасы, жағдайы, қыс маусымына дайындығы мен жүргізілген құрылыстың нәтижесі қаралды.

«Болашақ» университетінің  365 орындық  жаңа  жатақханасы 2021 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген. Соңғы үлгіде салынған ғимарат барлық санитарлық талаптарға сай. Әр қабатта демалатын орны, ас үйі, сондай-ақ, жаттығу залы, бассейн орналасқан. Студенттердің сабақ оқып, демалуына толық жағдай жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мониторинг қорытындысы бойынша 2 арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылығына ескертулерді жою бойынша және1 оқу орнына жаңа жатақхана ғимаратын салу жөнінде ұсыныс берілген болатын.

Алдағы жүргізілетін мониторинг нәтижесіне аналитикалық талдау жасалып оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға арнайы ұсыныс хаттар жолданатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!