Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:
1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу керек;
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.
Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Есте сақтаңыздар!
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Ювеналды полиция бөлімшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!