Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінгі таңда елімізде су шайған қанша елді мекен барын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралғанын атап өтті.
«Су тасқыны басталғалы бері бәрі 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды», – деді спикер.
Сайпаштың дерегінше, 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 миллион астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 миллион қапшық және 1,4 миллион астам тонна инертті материал төселді.
«Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда», – деді министрлік өкілі ОКҚ-да өткен брифингте.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!