Суицид – бұл қоғамда денсаулық сақтауға байланысты жаһандық проблема. Жыл сайын 700 000-нан астам адам осы себептен өледі. Мұндай өлім-жітімнің көпшілігі (77%) табысы төмен немесе өмір сүруі орташа елдерде кездеседі. Сонымен қатар, суицидтің қоғамға, сондай-ақ өзін-өзі өлтіретін адамдардың әлеуметтік ортасына, достары мен туыстарына кері әсері бар.

Өз-өзіне қол жұмсау кезінде қаза тапқандардың шамамен 20-дан астамы суицид жасағандар. Бұл елге, аймаққа, жынысқа, жасына және өзін-өзі өлтіру әдісіне байланысты әр түрлі болады.  

Суицид – бұл ауыр жан күйзелісі мен үмітсіздіктің салдарынан туындайтын күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселе. Суицидке бейімділігі бар көптеген адамдар психикалық аурумен ауырмайды, ал психикалық ауытқулармен өмір сүретін көптеген адамдар өз өмірін жоғалтқысы келмейді. Суицидке толы дағдарыстық жағдайларда өткір психологиялық стрестің, созылмалы ауырсынудың, зорлық-зомбылық тәжірибесінің, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік факторлардың болуы сияқты бірқатар себептік және ілеспе факторларды ескеру қажет.

Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет.

Өкінішке қарай, көптеген адамдар мұндай қадамға жалғыздықтан, шарасыздықтан немесе тығырықтан шығар жол таппағандықтан барады. Бірақ шын мәнінде, әрқашан көмек пен қолдаудың жолы бар. Бұл мақалада суицидтің себептері, белгілері және ең бастысы — психологиялық көмек пен қолдаудың маңызы қарастырылады.

Суицидтің себептері:

Суицидке итермелейтін негізгі себептерге мыналар жатады:

         •        Психикалық бұзылыстар (депрессия, үрей, биполярлы бұзылыс және т.б.)

         •        Жеке өмірдегі қиындықтар (отбасылық жанжал, махаббат мәселелері)

         •        Қаржылық немесе әлеуметтік қысым

         •        Балалар мен жасөспірімдердегі буллинг пен өзін-өзі бағалаудың төмендігі

         •        Жалғыздық, қоғамнан оқшаулану

Бұл жағдайлар адамның үмітін үзіп, болашақтан жақсылық күтпеуге итермелеуі мүмкін.

Психологиялық көмек — өмірді сақтап қалудың жолы:

Көп жағдайда суицидке бейім адамдар көмек сұрауға ұялады немесе ешкім түсінбейді деп ойлайды. Алайда психологтар, психотерапевтер мен жақын жандардың қолдауы осындай адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Психологиялық көмек:

         •        Ойларын сыртқа шығаруға мүмкіндік береді

         •        Күйзеліс пен мазасыздықты жеңілдетуге көмектеседі

         •        Адамның өмірге деген көзқарасын өзгертеді

         •        Шешім қабылдауда қолдау көрсетеді

Қазіргі таңда Қазақстанда да түрлі көмек желілері мен орталықтар жұмыс істейді. Мысалы, 111 сенім телефоны арқылы балалар мен жасөспірімдер көмек ала алады. Сонымен қатар, онлайн психологиялық кеңестер де қолжетімді бола бастады.

Қоғамдық қолдаудың рөлі:

   Суицидпен күрес тек мамандардың жұмысы емес. Әрбір адам — дос, ата-ана, мұғалім немесе әріптес ретінде — жақындарының көңіл күйін бақылап, қажет кезде көмек қолын созуы тиіс.

Белгілеріне назар аударыңыз:

         •        Өз-өзіне қол жұмсау туралы жиі айтатын адамдар

         •        Кенеттен тынышталып, қоштасу әрекеттері

         •        Құнды заттарын таратып беруі

         •        Ұйқысыздық, тәбеттің болмауы, үмітсіздік сезімі

Мұндай жағдайда адаммен ашық сөйлесу, оны тыңдау және қажетті көмекті ұсыну өте маңызды.

    Суицид — бұл қайтымсыз қадам. Алайда оны болдырмау үшін қоғам болып, отбасымызда, ортамызда бір-бірімізге қамқор болуымыз қажет. Өмірде әрқашан шешім бар, және әрбір адам қолдауға лайық. Ең бастысы үнсіз қалмау және көмек сұраудан қорықпау.

                                                                       Арайлым Қуанышбекова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

Фото: chocmp.ru

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!