Өз өмірін қиюға бағытталған саналы, ерікті әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін жастар бақытсыз жағдайдың құрбаны болып отыр. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу – осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді. Осы орайда, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өркениет» жоғары медициналық колледжінде суицидалды мінез-құлықтың алдын алу және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында І-ІІ курс студенттердің арнайы сала мамандарымен кездесу өтті.
Шараға облыстық Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Раушан Жұмаділдаев, Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювиналдық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары, полиция майоры Сәуле Салходжинова қатысты. Кездесуде аталған мәселеге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!