Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлық қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Әлеуметтік құрылымға, экономикалық дамуға және азаматтардың билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Бұл құбылыс өмірдің әртүрлі салаларына, институттардың сеніміне, мемлекеттік қызметке, экономикалық тұрақтылыққа және әлеуметтік әділеттілікке теріс әсер етеді.

Мемлекеттiк қызмет – барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, қоғамға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, оның бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарап, қоғамда атқарушы билiкке деген көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны белгiлi.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қоғамның қолдауынсыз жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы қажет.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмай, берік иммунитет пен оған деген жұртшылықтың көзқарасы өзгермей қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір отбасы жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы қоғамның ісі екенін түсінуі керек.

Оған қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесі сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

Сол бағытта білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және оны қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

Мәдениет қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамауы ахуалын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына, оған қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына ықпал етуге арнаған.

Бұл ахуалды түзеу үшін халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі әрі тынымсыз жұмыс жүргізілуі керек.

С. ОМАРОВ,
Қызылорда мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаменті
басшысының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!