Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі тек мемлекеттік органдар үшін ғана емес, бүкіл қоғамүшін аса маңызды тақырып. Мемлекетіміздіңдамуы, экономикалық тұрақтылығы, азаматтардыңбилікке деген сенімі барлығының түп негізіндеашықтық, әділдік және жауапкершілік жатыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуынтежеп қана қоймай, халықтың әл-ауқатына, бизнес ортаның қалыптасуына, мемлекеттікбағдарламалардың орындалуына тікелей зиянынтигізеді. Ең алаңдатарлық тұсы – жемқорлықтыңқалыпты құбылысқа айналу қаупі. Сондықтан әразамат оның зиянын түсініп, оған төзбеушіліктіқалыптастыруы тиіс.

Экономика саласында жемқорлық бюджет қаржысының әділ бөлінуіне кедергі келтіреді, ал әлеуметтік салада халықтың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетеді. Бұл – кезкелген қоғамның дамуындағы ең үлкен қауіптердіңбірі.

Мемлекеттік қазынашылық органдары – бюджет қаражатын тиімді, белгіленген тәртіппенжұмсалуын қамтамасыз ететін аса жауаптымемлекеттік құрылым. Біздің қызметімізде әртиынның нақты, заңды және ашық жолменжұмсалуы басты қағида болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін болдырмау бағытында жүйеліжұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, электрондыққұжат айналымын күшейту, бюджет шығыстарынавтоматтандырылған бақылау, қызметкерлердіңэтикалық нормаларды қатаң сақтауы, қоғамдықбақылау мен ашықтықты арттыру, жеке және заңдытұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі объективтіқарау, жұмыс процестеріндегі тәуекел аймақтарынтұрақты талдау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бұл шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлықфакторларын мейлінше азайтып, мемлекеттік қазынашылық органдардың қызметінің тиімділігімен қоғамға ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заңменемес, ең алдымен адамның ішкі ұстанымымен, адалдығымен өлшенеді. Мемлекеттік қызметшіүшін басты қағида – қоғам игілігіне қызмет ету, халық аманатын адал орындау.

Кез келген заңбұзушылықтың түбінде үлкенжауапкершілік тұр, ал адалдық – қызметтікбеделдің басты көрінісі. Себебі, қоғамныңбелсенділігі – жемқорлықпен күрестің маңыздыбөлігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Азаматтардыңбелсенділігі, әділетсіздікке көз жұма қарамауы, заңталаптарын білуі – жемқорлыққа қарсыиммунитетті күшейтеді.

Бүгінде әлеуметтік желілер, қоғамдыққабылдаулар, ашық бюджет порталдарыазаматтарға нақты ақпарат алуға және бақылаужүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл – сыбайлас жемқорлықты азайтудың еңтиімді құралдарының бірі.

Қазақстанның даму жолындағы бастымақсаттардың бірі – әділ, ашық, тиімді мемлекеттікбасқару жүйесін қалыптастыру. Бұл жолда әрбірмемлекеттік қызметшінің адалдығы, жауапкершілігі және кәсіби біліктілігі маңызды рөлатқарады.

Біз, қазынашылық қызметкерлері, мемлекеттіңқаржы тәртібін қамтамасыз ете отырып, қоғамалдындағы үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту– тек бүгінгі күннің міндеті емес, болашақ ұрпаққақалдырар ең үлкен аманат.

К.Л.Дюсенаева,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Ведомстволық бақылау және тәукелдер бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!