Фото: uralskweek.kz
Қазіргі таңда қоғам дертіне айналған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны баршамызды алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылдарын реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке азаматтармен және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,сонымен бірге, мемлекеттік аппарат пен өзгеде салаларда сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қателерден Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отырғаны белгілі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – қоғамдағы әрбір тұлғаның азаматтық борышы. Қоғамның мүшесі ретінде барлығымыз бір адамдай жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Халық парақорлық дертімен тоқтаусыз күресуде. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі күнге дейін бұл кесел түбегейлі жойылған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі мен жеке басының қамын ойлауы да аталмыш қоғам дертінің бірден-бір салдары.
Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруға атүсті қарап, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне мүлде ұқсамайтын әлемдегі қаншама мемлекеттің қай-қайссын болмасын алаңдатып отыр. Сондықтан дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ҚР-ның әрбір азаматының іс-әрекеті үлкен маңызға ие. Оның шектен тыс орын алуына пара алушылар ғана емес, пара берушілерде әсер ететінін ескергеніміз абзал.
Е.Жетпісбайұлы
Қызылорда қаласы №2 сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!