Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас мамандары Айнұр Болат пен Тұраров Рашид және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Бақтыбаева Ляззат бүгін Zoom платформасы арқылы «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның ұжымымен кездесу өткізді.

Шара барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер таныстырылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері, атап айтқанда, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандартты қолданудың негіздері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлар туралы осы ұйымның облыстық филиалының жетекшісі Ляззат Бақтыбаева айтып берді.

Ерсін ШАМШАДИН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!