Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізгі басыңқы бағыттарының бірі болып табылады.

Қызылорда облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Іс-шараларды өткізудегі басты мақсат -мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасты қалыптастыру және тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағыттағы жұмысты арттырудағы бір тиімді әдіс  – халықтың мемлекеттік органның қызметі жайлы толық мағлұматтануы үшін  департамент ұсынатын қызмет түрлері бойынша жадынама, буклеттер дайындап, тұрғындар арасында  тарату жұмыстары жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, «Ашық есік», «Әділет кеңес береді» акциялары тұрақты түрде өтуде.

Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар «Аmanat» партиясының облыстық филиалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен негізде жоспарлы түрде атқарып келеді. Олардың қатарында – әділет департаментінің қызметкерлері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы  қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша семинар-сабақтар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бағыттары және әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша қызметкерлер арасында оқытулар ұйымдастыру, үкіметтік емес ұйымдар мен құқыққорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, қызметкерлерді тергеу изоляторына апару, қоғамдық қабылдаулар жүргізу  жұмыстары бар.

Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық  жұмыстар да өткізілуде. Сондай-ақ, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан тұлғалар жайлы бейнероликтер мен қылмыс жасау кезіндегі оперативтік бейнетүсірілімдер көрсетілді.

Департамент басшылығымен  мамандарды қатыстыра отырып «Аmanat» партиясының филиалдарының ғимараттарында әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер беріледі. 

Азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру, ақпаратты еркін алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әділет органдарында «Сенім телефоны» бойынша түскен өтініштерге консультативтік кеңестер беріліп тұрады.

Сенім телефондары жайлы хабарламалар департаменттің сайтында, газет беттерінде жария етіліп және халыққа көрінетіндей жерлерде ақпарат ілінген, фейсбук парақшасында жарықтандырылған. Азаматтардан өтініштердің басымы  атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндірме сұрау бойынша түскен.

Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме-профилактикалық жұмыстар, әңгімелесулер жүргізіп, мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмектер көрсетіледі.

Тәрбиелік жұмыстар жүргізу мақсатында  департаменттің қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 тергеу изоляторына барды.

Сонымен қатар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинарлар тұрақты түрде өткізіліп отыр. Семинардың басты мақсаты «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын ұстана отырып, студенттік және оқушы жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, Департамент басшылығымен аудандарға шығу арқылы ауыл округтерде және қалаға қарасты орналасқан елді мекендерде тұрақты түрде халықпен кездесулер, туындаған мәселелер бойынша жеке қабылдаулар өткізіп келеді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында құрылған жұмыс тобына Департаменттің мамандары қатысып, аудан тұрғындарына тегін көмек көрсетіп отыр.

 Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру, кері байланыс орнату,сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты түрде жұмыс жүргізу алдағы уақыттарда да, жалғасын табатын болады.

Э.Абдыкаликова
Қызылорда облысы
Әділет департаментінінің
бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!