Сыбайлас жемқорлық – уақыт өткен сайын өршіп, әр түрлі қарсылықтарға төтеп беріп, қаржы мен пайдаға толы жерлерде тамыр жайып, күні бүгінге дейін жойылмаған қауіпті індеттің бірі. Бұл қауіпті құбылыс қоғамда өз орнын тапқанымен, оны жоюдың жолдары әлі де іздестіріліп келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына бой алдыруының бірнеше себептері бар. Олардың ішінде ең бастысы – қызметшілердің білім деңгейі мен кәсіби әдептілігінің төмендігі. Құқық бұзушылыққа бейжай қарау, жеке мүдде көздеп, кәсіби міндеттерін орындамау парақорлықтың өсуіне себеп болуда.

Бұл кеселдің таралуын тоқтату үшін қоғам болып күрес жүргізу керек. Адамдар мемлекеттің заңдарын құрметтеп, қоғамға қызмет етуде адал болуы керек. Сонда ғана біз ел мүддесіне қызмет етіп, халықтың сенімін ақтай аламыз. Мемлекет азаматтарына адал қызмет ету қағидасын санасынан шығармауы қажет. Бұл күрес тек науқандық шарамен шектелмей, үнемі жүргізілуі тиіс.

Жемқорлыққа орын жоқ қоғамда, барлық күш-жігерімізді біріктіріп, оны түп-тамырымен жою үшін бір кісідей жұмыла күрескеніміз абзал. Осы жолда әр азамат өзінің үлесін қосуы тиіс.

Ұ.Оразгелді, 

Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!