Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесіне айналып отыр. Қоғамдағы барлық салаға жайылып бара жатқан жемқорлыққа батыл тосқауыл қойып, оның зардаптарын жою алға қойылған міндеттердің бірі .

Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөлуде. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданды. Осы заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Заңның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, жолын кесу, кінәлілерді жауапқа тарту, сонымен бірге жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкеледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықтың болдырмауға және оның мүлдем қоғамымызда туындамауына атсалысу қажет,тиісті деңгейде жұмыстардың атқарылуын қадағалауымыз керек. Сол себептен, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының борышы .

Г.М.Салимова,

Қызылорда облысының

мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!