Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық елдерді қамтитын мәселе. Мемлекеттік қызмет сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріну орындарының бірі болып табылады. Шенеуніктердің қызмет бабын асыра пайдалануы билік пен қоғам арасындағы тікелей диалогтың күрделенуіне және халықтың наразылығының туындауына алып келеді. Соның салдарынан мемлекеттің егемендігіне қауіп төнеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді, олардың туындау жағдайлары мен себептерін анықтау мен азайтудың негізгі буынын белгілейді. Басты рөл сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның пайда болуының алғышарттарын жою арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларына жүктелген. Негізгі шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды кеңінен жүргізу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты.

Алдын алуда мемлекеттік органдардың мониторингіне және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы маңызды рөл атқарады. Шешім қабылдау процестеріне азаматтарды қосу және заңдардың орындалуын бақылау басқарудың неғұрлым жауапты және ашық жүйесін жасайды. Әлеуметтік желілердің дамуы жағдайында сыбайлас жемқорлықпен күресті қалың жұртшылыққа танытатындай дәрежеге жеткізу керек.

Сыбайлас жемқорлық жиі шекараларды кесіп өтеді, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық ынтымақтастық өте маңызды. Ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ тергеудегі ынтымақтастық трансұлттық сыбайлас жемқорлықты анықтауға және онымен күресуге көмектеседі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның әділдігін, тұтастығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін күрделі, бірақ қажетті міндет.

С. Айтбаев
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!