2015 жылғы 18 қарашада елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, оның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын, бұл заң сондай-ақ демократиялық бастауларды, жариялылықты кеңейтуге, халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Демократияық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы күресте жүйелі жұмыс істеуі мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және жағымсыз құбылыстардың бірі болып табылатынын көрсетіп, экономикалық дамуды төмендетіп және инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізіп, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа келгісі келетін халықаралық мүдделілікті төмендететінін айтып өтті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздер үшін басты басымдық болып табылады.
Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған
сотының
жетекші маманы Бахыт Балғабай
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!