Сыбайлас жемқорлық тек заңды бұзу емес. Бұл адамгершілікті, әділеттілікті, қоғамдық келісімді бұзу. Сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған жерде экономика мен саясат қана емес, әрбір адамның күнделікті өмірі зардап шегеді: мүмкіндігіне қарай жұмыс табу, сапалы қызмет алу, құқықтарын қорғау қиындай түседі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дегеніміз не?

Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін жағдайлардың алдын алуға, барынша азайтуға және жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл салдарға қарсы күрес емес, себептермен жұмыс – терең, күрделі және тұрақты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары белгіленген, ол: заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді, олардың туындау жағдайлары мен себептерін анықтау мен азайтудың негізгі буынын белгілейді. Басты рөл сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның пайда болуының алғы шарттарын жою арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларына жүктелген.

Негізгі шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды кеңінен жүргізу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты.

Алдын алуда мемлекеттік органдардың мониторингіне және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы маңызды рөл атқарады. Шешім қабылдау процестеріне азаматтарды қосу және заңдардың орындалуын бақылау басқарудың неғұрлым жауапты және ашық жүйесін жасайды. Әлеуметтік желілердің дамуы жағдайында сыбайлас жемқорлықпен күресті қалың жұртшылыққа танытатындай дәрежеге жеткізу керек.

Сыбайлас жемқорлық жиі шекараларды кесіп өтеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық ынтымақтастық өте маңызды. Ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ тергеудегі ынтымақтастық трансұлттық сыбайлас жемқорлықты анықтауға және онымен күресуге көмектеседі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның әділдігін, тұтастығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін күрделі, бірақ қажетті міндет.

С.АЙТБАЕВ,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!