Фото: gov.kz
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Онымен күресу әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.
Мемлекеттік органда жұмыс жасайтын қызметкерлердің өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ кезекті қолдан жасау тұрғындарды пара беруге итермелейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.Халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресті және қарау мүмкін емес.
Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып атсалысуымыз керек.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі.Сондықтан да Қазақстан Респубикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.Улкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын қатты алаңдатады.
Елімізде қабылдап жатқан сот реформаларын жүзеге асырудағы жетістіктер мен өзгерістер жайынан бейнемониторлар арқылы толық ақпарат алуға болады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге жететіні анық.
Бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмады, бұл жағымсыз құбылыспен күреcпеу, оны қолдаумен бірдей.
Бұл әртүрлі формада көрінеді: парақорлық, жымқыру, алаяқтық және т.б. Сот әділдігін жүзеге асуына қатысты халықтың көкейтесті мәселелерінің шешімін табу мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып келеді.
Сот істері бойынша тараптар мен сот жүйесі қызметкерлерінің іс жүргізу уақытынан тыс кезеңде кездесуін болдырмау мақсатында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін барлық адамдардың көмегі қажет. Оның дамуына пара алушыларғана емес, пара берушілерде әсер етеді.Көптеген адамдар ақша ұсыну арқылы өз істерін тез шешуді жөн деп санайды.
Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу болып табылады және жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Б.Пазылов
Жаңақорған аудандық сотының судьясы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!