Биыл өңірдегі туристік әлеуетті арттыру мақсатында бірқатар нақты шаралар жоспарланып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша облыстағы туристік қызмет көрсету көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға артты. Сондай-ақ, өңірге келген туристердің жалпы саны – 67 мыңды құрап, 12,2 пайызға өсті. Соның ішінде, ішкі туристер саны – 63 698 адам, сыртқы туристер саны – 3 016 адам, орналастыру орындарындағы төсек-орындары саны – 4 366-ды құрады. Осы жылғы жазғы демалыс маусымында облыстағы 13 шағын және 2 ірі демалыс орны жұмыс істеп, 120 мың демалушыны қабылдады. Демалушылардың басым бөлігі яғни, 80 мыңға жуығы аймақтағы 2 ірі «Қамыстыбас» және «Ханқожа көлі» демалыс аймақтарына барған. Қазіргі уақытта өңірде жалпы сыйымдылығы 806 орынға арналған 5 шипажай жұмыс істеуде. Биылғы жылдың қаңтар және қыркүйек айларының қорытындысымен ондағы келушілердің саны – 13 380 адамды құрады.

– Биыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланып, наурыз айында Пекин қаласында туризм жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған шарада жергілікті туристік операторлар мен тұрғындардың өңірдегі «Байқоңыр» ғарыш айлағына қызығушылық жоғары екендігі байқалды. Осы ретте, жауапты басқарма тарапынан «Қазақтуризм» АҚ бірлесіп, қытайлық, отандық туроператорларымен келіссөздер жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде, «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағынан ыңғайлы туристік бағыттар таңдалып, ортақ туристік пакет әзірлеуге келісім  жасалды. Осыған сәйкес, министрлікпен арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, осы жылдың қараша айында өңірімізге ғарыштық туризм бағытында тақырыптық апта өткізілетін болады. Бұдан бөлек, осы жылдың сәуір айында Еуроодақ елшілері Сыр өңіріне арнайы келіп, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, экотуризм бағытында Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне, Кіші Арал теңізіне барып ондағы сексеуіл егіліп жатқан аумақты тамашалады. Сонымен қатар, Қытай мемлекетінен келген инвесторлар Шижаға елдімекеніндегі құмды төбелерде болып, оның туристік әлеуетін көрді. Бүгінде Өңірдің туристік мүмкіндіктеріне арналған «OrdaTourism» атауымен Instagram, ТІК-ТОК әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар ашылып, туризм бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы деректер мен өңірдің туристік дестинациялары туралы ақпараттар жариялануда, – деді Жұлдызхан Ерқосаев.

Ерекше айта кететін жайт, биыл  Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында өңірлік туристік сайт әзірленуде. Бұл сайт арқылы тамыры тереңге жайылған Сыр өңірінің тарихы мен облыс туралы қызықты ақпараттар жарияланбақ.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!